1 шілдеден бастап әлеуметтік кодекс аясында мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері орта есеппен 14,5%-ға өсті. Бұл – мүгедектік, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер және арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да төлем түрлері. Бұған дейін бұл жәрдемақылардың көлемі 56 мың теңгеден сәл асатын, енді мемлекеттен бөлінетін қаржылай көмек 65 мыңды құрамақ. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 6,4 млрд теңге бөлініп отыр.
Алдияр Айтпаев