Тоқаев БАҚ мемлекет пен қоғамның әріптестігін нығайтуға ықпал ететінін, азаматтық диалог пен адамдардың өзекті мәселелерін жариялауға арналған алаң болып табылатынын атап өтті.
“Оқиғалар мен процестерді объективті және салмақты түрде жариялай отырып, БАҚ елде популизм мен арандатушылыққа тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Бұл өте маңызды және жауапты миссия”, – деп атап өтті Президент өз құттықтауында.