Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталуға шақ қалды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, бүгінге дейін жоспарланған 4,5 млн гектер алқаптың 4,3 млн-ына тұқым себілген. Негізгі бағыттар бойынша жұмыс тәмамдалды. Мысалы, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды егу ісі 100 пайызға орындалған. Майлы өнім де көзделген жердің барлығына сіңіріліпті.
Байболат Култанов