Қазақстан жаңалықтары

Үкіметте Премьер – Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сүт өнімдерін өндірушілердің, салалық бірлестіктердің, “Атамекен” ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өтті

Үкіметте Премьер – Министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сүт өнімдерін өндірушілердің, салалық бірлестіктердің, “Атамекен” ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес өтті.

Күн тәртібінде сүт өнімдері бағасының өсуін тежеу мәселесі тұр.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Қазақстанда сүт өнімдерін ішкі тұтыну жылына 2,3 млн тоннаны құрайтыны айтылды. Жыл сайын 172 сүт өңдеу кәсіпорнында 1,8 млн тонна сүт өңделеді, бұл оның жалпы өндірісінің 46% – құрайды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың қуаттылығы тек 77% – ға жүктелген. Бұл елді 81,6% сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қалғаны импортқа тиесілі.

Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар енгізілді, ұсыныстарды талқылау нәтижелері мамыр айының соңында қаралатын болады.