Нью-Делиде Қазақстан мен Қытай қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Қытайдың екіжақты әскери ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.