Қазақстанда ғылыми атақтар үшін қосымша ақы төленетін болады.
Бұл туралы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
“Заң жобалары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізетін ғылыми қызметкерлерге базалық және іргелі қаржыландыру аясында педагогтерге ғылыми атақтар үшін қосымша ақы төлеу туралы түзету қолдау тапты”,-деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Акатов.