Қазақстанда сотталғандардың құқықтарын іске асыру тетіктері кеңейтілді.
Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шулден Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Спикер Мемлекет басшысының қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша, Ішкі Істер Министрлігі әзірлеген азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу жайлы заңнамалық түзетулерге қол қойғанын еске салды.