Қазақстан жаңалықтары

Энергетика саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен CNPC компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан талқылады

Энергетика саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен CNPC компаниясының вице-президенті Хуан Юнчжан талқылады.

Премьер-Министр CNPC энергетика саласындағы стратегиялық әріптестердің бірі бола отырып, 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан аумағында қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

“Бірлескен жұмыс жылдарында бізде мұнай-газ саласының барлық секторларында ірі жобаларды іске асыру кезінде сенімді серіктестік қатынастар қалыптасты. Қазақстан үкіметі біздің стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдетуге ниетті”, – деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Хуан Юнчжан бұған дейін бірқатар бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті, олардың көпшілігі өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып саналады, және компанияның ҚР-дағы қызметін кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар мұнай экспорты, Қазақстандағы CNPC қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады.