Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан-чех ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Чехия Премьер-Министрі Петр Фиала талқылады

Қазақстан-чех ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Чехия Премьер-Министрі Петр Фиала талқылады.

Тараптар сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика, қаржы және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады.

“Қазақстан Үкіметі өзара іс — қимылдың барлық спектрі бойынша Чехиямен жан-жақты және тиімді әріптестікке бейімделген”, – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін атап өтті. Бұл ретте энергетика, азық-түлік және қаржы салаларындағы бастамалар ерекше қызығушылық тудырады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін әртүрлі деңгейдегі елдер арасындағы белсенді байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.