Қазақстан жаңалықтары

Астанадағы қазақстан-чех бизнес-форумының қорытындысы бойынша 230 млн еуроға келісімге қол қойылды

Астанадағы қазақстан-чех бизнес-форумының қорытындысы бойынша 230 млн еуроға келісімге қол қойылды.

Іс-шараға екі елдің үкімет басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов қазіргі уақытта республика аумағында 200-ге жуық бірлескен қазақстан-чех кәсіпорындары жұмыс істейтінін атап өтті.

“Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске қосуға деген қызығушылығының артуы біздің елімізде үлкен назар аударылғанының дәлелі болып табылады. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар”, — деді Әлихан Смайылов.