Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл 22 келіден астам есірткі тәркіленді

Төрт айдың ішінде нашаға қатысы бар 44 адам ұсталған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша бұл жандар ҚР ҚК 296-шы бабы – есірткі, психотроптық және сол тектес заттармен өткізу мақсатынсыз айналысқан деп құрықталып отыр. Аталған бапта айыпты адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы, облыста жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 68 қылмыс анықталды. Наша жарнамаланған 98 интернет-ресурстың сілтемесі бұғаттауға жіберілген. Заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіленді. 800 грамнан астамы – синтетикалық түрі.

 

Данаш Хамзина