Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне қол қойды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенаттың жалпы отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын талқылау барысында атап өткендей, Әлеуметтік кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе зерделенді, ведомствода Еуропалық Одақтың әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды.
Бұл ретте елдің ерекшеліктері жан-жақты ескерілді.