Құқық қорғау органдары

Көлікті мас күйде жүргізген зейнеткер ұсталды

Көлікті мас күйде әрі құжатсыз басқарған. Көлік жүргізу құқығынан айырылған 74 жастағы қария рөлге қайта отырған. Оны осы күйінде
бескөлдік учаскелік инспектор ұстады. Қарт адам қаңтарда істі болған. Аталған факті ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы бойынша 5 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жалпы, жыл басынан бері облыс жолдарында көлік басқару құқығынан айырылған 10 мас жүргізуші ұсталды.

 

Данаш Хамзина