Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында бұл уақыт халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті, сондай-ақ, қазақстандықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарындағы адамгершіліктің, ізгілік пен бейбітшіліктің исламдық құндылықтарының терең тамыр жайғанын еске салды.
Президент Ораза айт мерекесі мемлекеттің жарқын болашағына ұмтылуда қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.