Экология

Жамбыл ауданында заңсыз қоқыс орны табылды

Экологтар заңсыз қоқыс алаңдарын анықтауды жалғастыруда. Жуырда арнайы құрылған мобильді жұмыс тобы Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылына барды. Мамандар мұнда қоқыс жайылған аумақ тапты. Әжептәуір жерді алып жатқан алаңда ағаш бұтақтарынан бастап пластикалық бөтелке, полиэтилен пакеттерге дейін шашылып жатыр, тіпті, аяқ алып жүргісіз. Бұл полигон рұқсатсыз пайда болған. Облыстық экология департаментінің қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту, қоқыс орнын жою бойынша тиісті органдарға ақпарат жіберді.

 

Гульден Симбаева