Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 222,5 мың адам қамтылды. 152,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 48,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 12,1 мың; жастар практикасына – 5,8 мың; қоғамдық жұмыстарға-76 мың; “бірінші жұмыс орны” жобалары бойынша – 2,1 мың, “ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша – 66 адам, “Күміс жас” жобалары бойынша – 7,4 мың қазақстандық.
Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 40,9 мың қазақстандық әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.