Қазақстан жаңалықтары

 Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 100 мыңнан астам техникалық оңалту құралдарын алды

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 100 мыңнан астам техникалық оңалту құралдарын алды. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі  таңда порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 849 медициналық-әлеуметтік мекеме тіркелген, 378 ОТҚ жеткізушісі,26 мыңнан астам жеке көмекші қызметтерін жеткізуші, 685 жестау тілі және 105 шипажай-курорттық емдеу.

“Әлеуметтік қызметтер порталы” ақпараттық жүйесі мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде әзірленді.