Қазақстан ТМД елдерінің университеттеріне қазақ тілін оқытуда өз көмегін ұсынды. Бұл ұсынысты Қазақстан Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Санкт-Петербургтегі ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысында айтты.
Сенат Төрағасы ғалымдарды тарта отырып, ТМД ПАА қамқорлығымен жоғары оқу орындарында ТМД елдерінің тілдерін оқытуды күшейту үшін практикалық қадамдарды анықтау бойынша сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен конференция өткізуді ұсынды.
Мәулен Әшімбаевтың тағы бір бастамасы-Ассамблея аясында өңір елдерінің шығармашылық және ғылыми зиялыларының қатысуымен форум өткізу.
Бұл тәсіл елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды сақтауға және дамытуға ықпал етуі керек.