Автотұрақтан шығып бара жатып скутерге соғылды. Оқиға қаладағы Потанин көшесінде болған. Скутерді тізгіндеген 17 жастағы жігітке медициналық көмек көрсетілді. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабы бойынша хаттама толтырылды. Машина арнайы автотұраққа қойылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша күн жылынысымен жолда мотоцикл, скутер мен велосипедтер көбейеді. Тәртіп сақшылары осы орайда қырағы болуға шақырады.
Гульден Симбаева