ТЖ

Облыстық ТЖД бастығы Рамиль Камалов Шағалалы өзеніндегі жағдайды бағамдады

Облыстық ТЖД бастығы Рамиль Камалов Тимирязев ауданында болып, Шағалалы өзеніндегі жағдайды бағамдады. Мониторинг барысында су қоймасының жұмыс кестесі, техникалық жағдайы тексеріліп, алдағы уақытта өзенге құйылатын су көлемі болжанды. Аудандық мамандармен кездесу барысында жиналған суды профилактикалық мақсатта әлсін-әлсін босатып тұру қажеттігі айтылды.

Рамиль Камалов жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірге су басуы мүмкін аудандарды да аралап өтті. Сондай-ақ, Степное және Ақсуат елді мекендеріндегі тасқыннан қорғаныс мақсатында жасалған топырақты бөгеттің жағдайын қарады.