Sailau banner

Экология

Шалғай аудандарда мұз жару жұмыстары жүргізілді

Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандарын басып өтетін өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Тасқынның алдын алу шаралары Ақанбұрлық, Шарық, Бабықбұрлық, Қарасу, Змейка мен Осиновка өзендерін қамтыды. Шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері, құтқарушылар мен «КӨКШЕ-БУР» серіктестігінің мамандары тартылды. Осындай әдісті қолданудың нәтижесінде мұз бір жерде тұралап қалмайды және өзен деңгейі күрт көтерілмейді.