Балалар

СҚО оқушылары республикалық “Зерде” ғылыми жобалар байқауынан жүлделі оралды

Солтүстікқазақстандық 11 оқушы “Зерде” ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының республикалық кезеңіне қатысты. Дода Бурабайда өтті. Бұл конкурста ұл-қыздар өзекті мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстарын таныстырды. Пресновка ауылындағы Қожаберген жырау атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Хәкім Оразалы электронды темекінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп берген. Нәтижесінде бас жүлдені иеленді. Жалпы, жерлес жас зерттеушілер 10 медаль иеленді.

 

Самал Жунусова