Спорт

Қазақстанда 2025 жылға дейін 113 спорт нысанын салу жоспарлануда

Елімізде 2025 жылға дейін 113 спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 20 нысан жаңғыртылып, 6 нысан жабдықталады. Өткен жылы Қазақстандағы спорттық нысандардың жалпы саны 43 мыңды құрап, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылуы 50 пайызға жеткен болатын. 2029 жылға дейін мәдениет және спорт министрлігі бұл көртсеткішті 65%-ға дейін арттыруды көздеп отыр. Осы ретте жұмыс істеп тұрған нысандарды түгендеп, құрылыс жұмыстарын соның нәтижесіне сүйене отырып жүргізу қажет. Жаңа нысандар тұрғындар үшін жақын жерде болуы керек деді министрліктегілер.

 

Гульден Симбаева