Сайлау

№615 сайлау учаскесінде 1704 адам дауыс беруге құқылы

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінде орналасқан нөмірі 615-ші сайлау учаскесіндеміз. Халық белсенді түрде бір адамдай дауыс беруде. Бір байқағанымыз, әзірге аға буын өкілдері белсенділік танытуда.

Учаске таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеп тұр. Бірінші болып дауыс беруге 5 адам келген. Ал сағат 9-ға дейін әзірге 90-нан астам адам дауыс беріп үлегеріпті. Саяси іс-шарада қала тұрғыны Қиззат Хамзин де белсенділік танытты. Ол тарихи маңызды оқиғаға отбасымен келіпті. Қасында немерелері де бар. Зайыбымен отасқандарына – 42 жыл. Еліміз тәуелсіздік алғалы сайлаулардың барлығына жанұясымен баруды дәстүрге айналдырыпты. “Отан отбасыдан басталады. Ұрпағымыздың келешегінің жарқын болуы осындай науқандардың нәтижесіне байланысты”,- дейді.

ҚИЗЗАТ ХАМЗИН, зейнеткер:

– Сайлауда дауыс беру – Қазақстан азаматының құқығы. Парызы мен міндеті деп ойлаймын. Өзіміз қалаған депутатқа дауыс бердік. Енді депутаттар еліміздің өркендеуіне үлестерін қосады деп сенемін.

Сайлауға тұңғыш рет қатсыпы жатқан дауыс берушілерге арнайы сыйлық қарастырылғын. 615-ші сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлбақыт Нұрпейісованың айтуынша, барлығы талапқа сай өтіп жатыр. 3 бақылаушы бекітілген.

ГҮЛБАҚЫТ НҰРПЕЙІСОВА, №615 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары:

– Бүгінгі сайлаудың өткен сайлаулардан ерекшелігі – 5 бюллетень. Бұл бюллетеньдердің өзі түрлі түсті. Учаскеде ешқандай бұзушылық болған жоқ.

№615 учаскеге барлығы – 1704 адам тіркелген.

 

Гульден Симбаева