Қоғам

Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды

Биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 3 мың 134 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды деп хабарлайды еңбек министрлігі. 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн-нан астам этникалық қазақ оралды. Елімізге осы жылы келген қандастар Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Моңғолия және басқа елдерден келген. Қоныс аударушылардың 69,1%-ы еңбекке жарамды. Көбінің орта арнайы білімі бар.

 

Гульден Симбаева