Ауыл шаруашылығы саласынан алыстамаймыз. “ҚазАгроҚаржы” АҚ жергілікті филиалына техника алу үшін өңір диқандарынан жалпы құны 13,5 млрд теңгені құрайтын өтініш түсініпті. Оның 6,5 млрд-ы мақұлданған. Бұл сомаға 120 көлік алынбақ. Алдағы уақытта сатып алынған мүліктің саны артуы мүмкін. Қаржы ұйымының өкілдері қазір 2,6 млрд теңгенің ұсынысын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Жалпы, биыл солтүстікқазақстандық іскер жандар бірнеше тәсіл арқылы 2300-ден аса техника алуды жоспарлап отыр.
Байболат Култанов