Қоғам

Полиция мамандары автокөлік иелерімен кездесті

Тәртіп сақшылары белгілі бір шектеулері бар көлік құралдарының иелерімен кездесті. Сондай-ақ, оң рөлді автокөліктері бар тұрғындар да назардан тыс қалған жоқ. Жиынға 50-ге жуық адам келді. Солтүстікқазақстандықтарды көбінесе кедендік тазартудан өтпеген, кепілге алынған, қолдануға тыйым салынған шетелдік көлік құралдарын заңдастыру мәселелері толғандырады екен. Бұл сұрақтың барлығына тұрғындар толыққанды жауап алып қайтты. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша мыңнан аса автокөлік заңдастырылған. Кей автокөлік иелері криминалистің агрегаттық деректерді тексеруін күтуде.

 

Гульден Симбаева