Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

20 жастағы қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылды

20 жастағы петропавлдық есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың жазында ұсталған бойжеткеннен әсері қатты синтетикалық есірткі табылған. 4 түйіншектің сараптама нәтижесінде мефедрон деген психотроптық зат екені расталды. Ұсталған қыз нашаны интернет кеңістігінде бірден екі аккаунт арқылы саудалаған. Бұл факті бойынша тиіс материал жиналып, ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа жіберілді. Жыл басынан бері облыста есірткі өткізгені үшін 3 адам сотталды.

 

Самал Жунусова