Биыл облыста интернет-алаяқтықтың 46 фактісі тіркелді. Оның жетеуі ауылдық жерде анықталған. Ал өткен жылдың осы айында киберқылмыстың 45 жағдайы жазылыпты. Жалпы, 2022-нің қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 700-ден астам фактісі тіркелді. Сондықтан, полицейлер тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Алаяқтықтың ең жиі кездесетін әрі қауіпті түрі – «банктен қоңырау шалу». Былтыр осындай 300-ге жуық факті анықталған. Оқулардың құрығына көбіне егде жастағы жандар түсіп жатады.
Алтынай Казиканова