Қоғам

ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары инфляция Қазақстанда тіркелді

 

Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылдың қорытындысын шығарды. Қорытындыға сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 100,8%-ды құраған. Былтыр азық-түлік емес тауарлардың бағасы 13,3%-ға артқан. Осы кезеңдегі өнімнің өзіндік құны 12,2%-ға, ақылы қызметтерге 12,9%-ға өскен. Бұл ретте өткен жылы инфляцияның ең жоғары деңгейі Қазақстанда тіркелді. Ол 20,3 пайызды құраған, яғни біздің елде азық-түлік 25,3%-ға қымбаттап отыр. Ал азық-түлік емес тауарларға баға бір жылда 19,4%-ға көтерілген. Ақылы қызметтердің бағасы 14,1 пайызға өсті.

Дана Ешкенова