Өткен жылы өңірде 304,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Оның 260 мың гектары жайылымдық жер болса, қалғаны – егістік учаскелері. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарудың аграрлық аймақ үшін маңызы зор. Өйткені, облыста жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі байқалады. Жерді қайтарудың нәтижесінде бұл мәселе біртіндеп шешімін таппақ. Осы бағыттағы істі жүзеге асыруда бас партияның жанынан құрылған “Жер аманаты” комиссиясының да септігі тиіп жатқанын атап өту қажет.
Дана Ешкенова