Қоғам

144 мыңнан астам адам электрондық еңбек биржасы арқылы білім алды

 

Өткен жылы 144 мыңнан астам қазақстандық электрондық еңбек биржасы арқылы білім алды. Оның ішінде 23 мыңнан астам азамат жұмыссыз болған. Олар skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстар платформасы арқылы оқудан өткен. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар түрлі бағыт бойынша 162 курс жариялады, оның 107-сі тегін. Оқуға тікелей skills.enbek.kz сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады. Оқыту курстары аяқталғаннан кейін білім алушы тестілеу тапсыруы тиіс. Сұрақтардың 70%-ызына жауап беру керек. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игергені жөнінде сертификат беріледі.