Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғыны баласына 6 жыл бойы алимент төлемеген

 

Петропавл тұрғыны бауыр еті баласына 6 жыл бойы алимент төлемей келген. Полицейлер міндетін орындаудан жалтарған солтүстікқазақстандық көкек әкенің қазіргі уақытта Алматы қаласында жүргенін анықтады. Бұл ақпарат жеке сот орындаушысына берілді. Жалпы, мамандар көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп
алимент десе ат тонын ала қашатын ата-аналарды іздестіру акциясын өткізіп жатыр. 4 күн ішінде балалары алдындағы берешегі бар 9 адам анықталды. Сондай-ақ, туыстық қатынастарын жоғалтқан – 5-еу, қарыздарын төлемеген 3 адам табылды.