Құқық қорғау органдары

10 күнде 31 мас жүргізуші ұсталды

 

Полицейлер жолдағы тексерісті күшейтті. 16-шы желтоқсаннан өңірде “Мас жүргізуші” профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр. Рейд жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Күн сайын орта есеппен облыс жолдарында полицейлер 3 мас жүргізушіні анықтайды. 10 күн ішінде осындай 31 факті тіркеліпті. Тізгінге ішімдік ішкен күйінде отырған жандар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Тағы бір статистиканы тілге тиек етейік, облыста 11 ай ішінде мас жүргізушілердің кесірінен 26 жол-көлік оқиғасы болған. 6 адам қаза тауып, 27-сі түрлі дене жарақатын алған.