Облыс полицейлері қала тұрғынынан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі. Зиянды заттар күдіктінің ауласынан табылған. Тінту барысында кристалл тәрізді зат салынған «зиплок» пакет тәркіленді. Алынған дүниенің жалпы салмағы 500 грамға жуықтайды. Бұл аса ірі көлемге жатады. Бұл факті ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Материалдар сотқа өткізілді. Жалпы, биылдыққа тәртіп сақшылар есірткі сатты деген күдікпен 82 адамды қолға түсірген. Заңсыз айналымнан 425 келі есірткі алынды. 3 киллограмнан астамы – синтетикалық түрі.