Құқық қорғау органдары

Есірткі сататын «веб-дүкен» әшкере болды

 

Солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысатын «веб-дүкенді» жапты. Зиянды затты сақтап, саудалады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол арам пиғылын«Telegram» мессенджері арқылы іске асырып отырған.

ЛЮФТ: Оперативное видео обыска по магазину
Что за свёртки? – Свёртки мои. – Как они тут оказались? – У меня точно такая же есть, по ошибке закинул. – Что в свёртках? – То же самое вещество. – Какое? – Спайс.

Тінту кезінде күдіктен 5,32 грамм белгісіз зат анықталды. Сараптама қорытындысына бойынша оның «спайс» екені белгілі болды. Полицейлер синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшері 1 грамнан басталатынын еске салады. Сонымен қатар, таразы мен буып-түю материалдары, «Telegram»мессенджеріндегі «дүкеннің» қызметіне қатысты дәлелдер алынды.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
–  Тұрғылықты жерінде тінту шаралары кезінде «спайс» есірткі заты бар бес түйіншек, буып-түю материалдары, таразы, ұялы телефондар және банк карталары табылып, алынды. Айғақтарды тексеру кезінде ұқсас түйіншек алынды. Оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сараланады.

Жалпы, биылдыққа облыста есірткі сатудың 74 фактісі анықталды.