Спорт

Үздіктер қатарынан көрінді

 

Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар Нұрсұлтан Жакупов пен Данияр Жарасов Тайландта үздіктер қатарынан көрінді. Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында Данияр Жарасов 54 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медаль иеленді, ал ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Жакупов үш кездесу өткізіп, алтыннан алқа тағынды.