Өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп барады. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, соңғы 2 аптада 35 солтүстікқазақстандық тәж вирусын жұқтырған. Бұл алдыңғы қос аптадағы көрсеткіштен 2,6 пайызға көп. Коронавирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцинация. Сондықтан, мамандар теріскейліктерді әлі де екпе алуға шақырады. Өңірде препараттың 2 түрі қолжетімді. Олар: отандық “QazVac” пен қытайлық “Sinopharm”. Айта кетейік, бүгінге дейін вакцинацияның толық курсынан 321 мыңнан астам солтүстікқазақстандық өткен. Ал 227 мың тұрғын ревакцинацияланған.