Өңірде қызамық індетін жұқтырғандардың саны күрт өсті. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев ұсынған статистикаға сүйенсек, соңғы 11 айда облыста 522 адамға скарлатина диагнозы қойылған. Бұл дертке көбіне 14 жасқа дейінгі балалар шалдыққан. Маманның сөзінше, науқастанғандардың басым бөлігі дертті жеңіл өткеруде. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Осы күні облыс орталығында орналасқан балабақшалардағы 3 топ 7 күнге карантинге жабылыпты.
Әсет Жұматаев, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
– Айта кететін жағдай, скарлатина жұқтырғандармен байланыста болған адамдар карантинге жабылмайды. Карантинге тек 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын мекемелер жабылады. Яғни, қай топта қызамық індеті тіркелсе, сол топ 7 күнге карантинге жабылады. Бүгінгі таңда қала бойынша балабақшалардағы 3 топ уақытша жұмысын тоқтатты.