Өткен тәулікте 114 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Пневмонияға 3 адам шалдыққан, 1 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы, елімізде тәж вирусынан 1400-ден астам адам емделіп жатыр. Соның 200-ге жуығы коронавирус пневмониясына шалдыққан. 176 науқас емді – стационарда, қалғаны амбулаториялық деңгейде қабылдап жатыр. 7 науқастың жағдайы ауыр.
Гульден Симбаева