Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Өйткені, аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады. Қаперге салсақ, кеше түнгі 1-лер шамасында Екібастұз ЖЭО-да апат орын алып, тұрғындар жылусыз қалды.
Алтынай Казиканова