Қоғам

Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 21,3%-ға қымбаттады

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы шарықтап тұр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, жыл басынан бері азық-түлік құны бақандай 21,3%-ға өскен. Олардың бірқатарына жеке-жеке тоқталайық.

 

 

 

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы шарықтап тұр.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда, жыл басынан бері азық-түлік құны бақандай 21,3%-ға өскен. Олардың бірқатарына жеке-жеке тоқталайық. Күнделікті өмірде тұтынатын қанттың бағасы 72,9%-ға қымбаттаған. Макарондардың құны – 33,5%-ға, ұн – 26,5, қарақұмық жармасы – 26,2 және пияз 24,6%-ға өскен. Картоп пен жұмыртқаның да бағасы қалта қағады. Кейбір өнімдер, керісінше, арзандаған. Мәселен, ақ қырыққабат – 16,9%-ға және сәбіздің кұны 0,5%-ға төмендеген екен.


Дана Ешкенова