МТРА жаңалықтары

Науқас саны 11 есеге ұлғайды

 

Петропавлда қызамық індетін жұқтырғандар саны 11 есеге көбейді. Өткен жылдың 10 айы ішінде 36 жағдай тіркелсе, биыл 400-ден астам адамға скарлатина диагнозы қойылған. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының сөзінше, көбіне бұл инфекцияға 14 жасқа дейінгі балалар шалдығады.

СЕРІК АУСАТОВ, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
–  Скарлатина індеті көбіне науқас адаммен байланыста болудың салдарынан және ауа арқылы жұғады. Қызамық – өте қауіпті ауру. Дер кезінде дұрыс емдемесе, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Скарлатинаны бірден анықтау қиын. Оның негізгі симптомдары – бастың ауруы, дене температурасының көтерілуі мен ауыз қуысының қызаруы. Яғни, тонзиллит, ангина сынды аурулармен өте ұқсас. Дегенмен, бір ерекшелігі бар. Инфекцияның салдарынан денеде қызыл бөртпе пайда болады. Мамандар қызамық жұқтырған адам міндетті түрде 10 күнге дейін карантинде болуы керек дейді. 2 аптадан соң қан тапсырып, қайта дәрігерге қаралуы қажет екен. Қызамық бір ауырған адамға қайтадан жұғуы мүмкін.


Самал Жунусова