МТРА жаңалықтары

Сауда орнының күзетшісіне қатысты бірінші сот отырысы өтті

Бұл кадрлар өткен жылдың тамыз айында түсірілген. «Хабар» агенттігінің жергілікті түсірілім тобы «Dostyq mall» сауда-ойын-сауық орталығында “Ashyq” қосымшасының қалай жұмыс істеп тұрғаны туралы сюжет жасамақ болған.

Бұл кадрлар өткен жылдың тамыз айында түсірілген. «Хабар» агенттігінің жергілікті түсірілім тобы «Dostyq mall» сауда-ойын-сауық орталығында “Ashyq” қосымшасының қалай жұмыс істеп тұрғаны туралы сюжет жасамақ болған. Алайда, нысанның күзетшілері түсірілімге қарсы болып, тіпті журналистерге күш көрсетіп, есіктің ар жағына шығарып жіберген. Оған қоса, бейнеоператордың қолында болған камераға зақым келтірген. БАҚ өкілдері өз құқықтарын қорғау үшін полицияға арыз жазған. Бірақ, іс 6 рет жабылып, қайта қозғалды. Аталған оқиғаға қатысты бүгін бірінші сот отырысы өтті. Алдымен жәбірленуші жақтан «Хабар» агенттігінің бейнеоператоры Төлеген Иманов түсініктеме берді.

Төлеген Иманов, «Хабар» агенттігінің бейнеоператоры:
–  “Түсірілімді бастар-бастамастан нысанның әкімшілігі келіп, қандай түсірілім болайын деп жатқанын сұрады. Біз “Ashyq” қосымшасының жұмыс істеу барысы туралы сюжет жасап жатқанымызды айттық. Әкімшілік басшылыққа кіріп шығайын деп үстіне көтерілді. Ал мен кіреберісте ілініп тұрған “Ashyq” қосымшасын түсіріп тұрдым. Сол кезде арқамнан біреу періп кеп жіберді. Ол сауда-ойын-сауық орталығының күзет бастығы Сағындықов болды. Ер адам бірден өзінің қол астындағы жігіттерге мыналарды шағарып жіберіңдер деп бұйрық берді. Сөйтіп, күзетшілер бізге күш көрсетіп, камерама зақым келтіріп, есіктің ар жағына итеріп жіберді.

Төлеген Имановтан бөлек бүгін сот отырысында тағы екі жәбірленушіден жауап алынды. Енді келесі сот отырысы қазанның 18-і күні өтпек. Онда айыпталушы Сағындықовтан жауап алынады.


Дана Ешкенова