МТРА жаңалықтары

Жерлестеріміздің сұранысына ие болған жәрмеңке жалғасуда

 

Жерлестеріміздің сұранысына ие болған Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Кеше солтүстікқазақстандықтар назарына жаңадан 300 жұп тауар түрі қойылыпты. Бүгінгі күнге дейін өнімнің тең жартысын тұрғындар сатып алған екен. Қазір Александр Кудасов әйеліне және өзіне қақаған қыста киетін аяқ киім қарауда. Зейнеткер үшін бағасынан бұрын сапасы маңызды.

АЛЕКСАНДР КУДАСОВ, қала тұрғыны:
– Қалада Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатқандығын теледидардан көрдім. Әзірге, әйелім өзіне керегін тапты. Тағы да қарауда. Өзіме күнделікті және аңшылыққа киетін қалың етік керек. Мұндағы тауарлардың бағасы қымбат емес. Сапасы да жақсы.

Жәрмеңкеде барлығы – 700-ге тарта аяқ киім бар. Бұл жерден табаны жалпақтау немесе бақай сүйегі шығыңқы келген жандар өздеріне ыңғайлыны киіп көріп, сатып ала алады. Айта кетейік, күнделікті сатушылар 50-ге тарта аяқ киім сатады.

ЕВГЕНИЙ КАЛАЧЕВ – сату жөніндегі менеджер
– Тауарларымыздың дені – ортопедиялық. Келушілердің басым көпшілігі қысқа киетін әрі тайғанамайтын аяқ киім іздеп жатыр. Бұл талапқа біздің тауарларымыз толық сәйкес келеді. Әйелдердікі 11 мыңнан, ер адамдардікі 18 мың теңгеден басталады.

Мұндай жәрмеңке бүгінге дейін еліміздің 9 қаласында ұйымдастырылыпты. Беларустық аяқ киім саудасы қазанның 9-ына дейін жалғасады. Тұрғындар қажетті тауарды Ж.Жабаев көшесі 82а мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады.


Алдияр Айтпаев