МТРА жаңалықтары

Петропавлдық полицейлер отбасы мүшелерін өрттен құтқарып қалды

 

Петропавлдық полицейлер тұтас бір отбасыны өрттен аман алып қалды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әсет Сыздықов пен Артем Маренков «Береке» ықшам ауданында жүрген. Түн ортасында екеуі Волочаевский көшесіндегі жер үйден шығып жатқан түтінді көреді. Ауладағы қора-қопсыдан от шығып, тілсіз жау үйдің шатырына ауысқан. Баспананың іші қою қара түтін болған. Сол үйдің тұрғыны – әйел адам екінші қабатта күйеуі мен бірінші қабатта қарт әжейдің қалғанын айтқан. Өжет полицейлер ішке кіріп кетіп, өрт сөндірушілері келгенше отбасы мүшелерін аман-есен алып шықты. Тәртіп сақшыларының бірі газ баллонын ажыратып алу үшін ұялы телефонының жарығын пайдаланған. Құтқару операциясының бір бөлігі бейнекамераға түсіп қалған екен.

Артём Маренков – қалалық ПБ ППБ инспекторы

-“ГаЗ баллонын тауып алып, сыртқа шығарайын деп жатқанымда әріптесім Әсет Сыздықов үй иесіне көмектесті. Сосын қайта кіріп, кейуананы көтеріп сыртқа алып шықты”.


Гульден Симбаева