МТРА жаңалықтары

Петропавлда ауқымды экоакция өтті

 

Петропавлда ауқымды экоакция өтті. Бұл жолы еріктілер Мещан орманын қоқыстан тазартты. Табиғатты аялауға бағытталған іске қаладағы 9 колледжде білім алып жүрген 140-тан астам студент қатысты. Шара барысында жастар тұрмыстық қалдықтарды жинастырып қана қоймай, оны сұрыптады. Пластик, шыны сынды заттар қайта өңдеуге жіберілді. Бұл акциядан кейін жастар “Таза бейсенбі” шарасы аясында облыс орталығын жинастырды.

АЛИНА АЙБАСОВА, қалалық жастар ресурстық орталығы жетекшшісінің міндетін атқарушы
– Республикалық ауқымдағы экоакция жылына екі рет ұйымдастырылады. Яғни, көктем мен күзде өзен-көлдер мен ормандар қоқыстан тазартылады. Себебі, табиғатқа салғырт қарайтын, өзінен кейін қалған қоқысты жинамайтын жандар көп.


Алдияр Айтпаев