Ауыл шаруашылығы

Облыста күзгі орақ науқаны аяқталды

 

Биыл өңірдегі егістік алқаптарының жалпы аумағы 4 млн 400 мың гектарды құрады. Оның 3 млн гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Ал 1 млн гектарына – майлы дақылдар, 32 мың гектар аумаққа картоп отырғызылды. Қалғанына көкөніс егіліпті.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
– Бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес 4,6 млн тоннаға жуық астық бастырылды, оның орташа түсімі гектарына 15 центнерді құрайды.

Шығымдылық аудандар арасында Мамлют ауданында жоғары. Мұнда 1 гектардың өнімділігі 18,8 центнерді құрап отыр.


Дана Ешкенова