Қазіргі таңда есірткі саудасы интернет кеңістігінде қызғаны мәлім. Жыл басынан бері осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 167 ресурс бұғатталған. Жалпы, облыс полицейлері 9 ай ішінде 174 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 400 келіден астам түрлі наша тәркіленіп алынды. Қоғам дерті – нашақорлықпен күресуде солтүстікқазақстандықтар да өз үлестерін қосуда. Жуырда петропавлдық нәзікжанды зиянды затты жасырушыны ұстауға көмектесті. Ол заңға қайшы әрекет етіп жүрген адамды видеоға түсіріп алып, бірден полицейлерге жіберген. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, құқықбұзушыны құрықтады.
Алтынай Казиканова