Виктор Зайбертке арналған шара бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде де
өтті. Арт-орталықта археология профессорының құрметіне фотокөрме ұйымдастырылды. Бұл жерде атақты жерлесіміздің студент кезінен бастап бертінгі уақыттағы суреттері ілінген. Виктор Зайберттің жүргізген халықаралық экспедициялары, қазба жұмыстарынан сыр шертететін фототуындылар бірден көзге түседі. Жұртшылық назарына барлығы 50-ге жуық дүние ұсынылды. Дені музей мұрағатынан алынған.
БЕКСҰЛТАН БҰХАРОВ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері:
– Виктор Федорович Зайберттің аты аталғанда бірден “Ботай” қонысы ойға оралады. Екеуі егіз ұғым. Бүгінгі жиынға Виктор Зайберттің жұбайы келді. 2021 жылы Виктор Зайберттің Астанада еңбегі бағаланып, “Парасат” орденімен марапатталғаны туралы құжат фотосурет түрінде қойылды.
Алтынай Казиканова